08 Сәу 2021
Жаңалықтар

Интернат тәрбиешілері байқауы

Интернат тәрбиешілері байқауы

Аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 6 сәуір күні «Тәрбиеші - мейірімді жүрек» атты мектеп жанындағы интернат ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған байқаудың аудандық кезеңі қашықтан өтті. Байқау мектеп жанындағы интернат тәрбиешілерінің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, кәсіби, отандық білім берудің бәсекелестігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін педагогикалық білім алуда білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған болатын. Байқаудың мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптілігін көрсете алатын интернаттың үздік тәрбиешілерін анықтау, қолдау және ынталандыру болды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орын Ақжайық ЖОББМ жанындағы интернат тәрбиешісі Г.Сарсенгалиева, ІІ орын Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ интернат тәрбиешісі Ж.Айбекова, ІІІ орынды Аңқаты ЖОББМ интернат тәрбиешісі К.Гельманова мен Федоровка №1 ЖОББМ интернат тәрбиешісі Г.Мубарак өзара бөлісті.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.