08 Сәу 2021
Жаңалықтар

«ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕГІ 3 КҮН» ЖОБАСЫ

«ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕГІ 3 КҮН» ЖОБАСЫ

Аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 6 сәуір күні «Шағын жинақты мектептегі 3 күн» жобасы аясында Покатилов ЖОББМ-нің орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Ғайноллина, геометрия пәнінің мұғалімі А.Аблаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Ихсанова, жаратылыстану пәнінің мұғалімі А.Сыдихова, биология пәнінің мұғалімі А.Даиновқа әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған жас мамандарға Чапаев ЖОББМ-нің тәжірибелі мұғалімдері орыс тілі пәні мұғалімі Н.Козинко, математика пәнінің мұғалімі Л.Сарсенова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.Мағзом, география пәнінің мұғалімі Т.Калиев, биология пәнінің мұғалім Ә.Қалдыбай ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жоба барысында Чапаев ЖОББМ-нің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Сартулеева Покатиловка ЖОББМ-нің директорының орынбасарына мектеп құжаттарын жүргізілуі бойынша көмек көрсетті.

Жоба бойынша 8 сәуір күні Федоровка қазақ ЖОББМ-нің тәжірибелі педагогтары аталған мектеппен тағы да жұмыстанады.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.