08 Сәу 2021
Жаңалықтар

"Mobile shools" жобасы

"Mobile shools" жобасы

7 сәуір күні ББДО 2021 жылдың 5 сәуірдегі N49 бұйрығы негізінде университет оқытушыларының қамқорлығы арқылы ауыл мектептеріне қолдау көрсету, білім сапасын жақсарту мақсатында М.Өтемісов ат. БҚМ университетінің " Филология" факультетіне Магистрал ЖОББМ "Mobile shools" жобасы бойынша бекітіліп, БҚМУ "Филология" факультетінің деканы Муханбеткалиев Аскен Самуратұлы мен Магистрал мектебінің директоры А.Кадерқызы меморандумға қол қойды. Бірлескен жоспар құрды. 25-30 сәуір аралығында БҚМУ "Филология" факультетінің ұйымдастыруымен өтетін апталық жоспарымен таныстыра келе, жоспарға сай мектеп мұғалімдерін бірлесе жұмыстануға шақырды. Келесі аптада мектеп бітіруші түлектермен жұмыстану қолға алынбақ.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

@bqobilim

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.