08 Сәу 2021
Жаңалықтар

Сүйінші хабар!

Сүйінші хабар!

VIII облыстық «Ақберен» өнер байқауының қорытындысы

Білім басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 180 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасындағы «Ақберен» облыстық өнер байқауын «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен 5-7 сәуір күндері қашықтан өтті. Байқауға аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Облыс бойынша 74 оқушы қатысып бақтарын сынады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитралық- эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, әрі қарай дамытуына жол ашу болатын. Ауданымыздан

"Көркемсөз оқу" номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жексенғали Нұрдәулет 3 орынмен марапатталса,

"Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша: Федоровка ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ибрагим Дана 2 орынға ие болды.

Байқауда жүлделі орынға ие болу – оқушының және пән мұғалімдерінің үлкен жетістігі. Жеңімпаз оқушыларды және ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.