08 Сәу 2021
Жаңалықтар

Махамбет оқулары

Махамбет оқулары

2021 жылдың 7 сəуірі күні Теректі ауданының білім беру бөлімі əдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сəйкес аудандық Махамбет оқулары қашықтан оздырылды. М.Өтемісұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, мақсатында өткен байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысып, Махамбет өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, ақын күйлерін орындап жəне ақындық қырларын сынап, арнаулар жазды. Байқаудың

"Ел құтқарар ер едім..." Махамбеттің өлеңдерін жатқа оқу І орын Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ оқушысы Темірболат Дәурен, ІІ орын Аңқаты ЖОББМ оқушысы Шайхы Айару және Абай ЖОББМ оқушысы Әділбекқызы Инабат, ІІІ орынмен

Чапаев Жоббм

оқушысы Нұржан Әли,

Ақжайық Жоббм

оқушысы Каримов Айдар және Жайық НМ оқушысы Қобыландиев Мадияр марапатталды.

"Ұлы арман" ақын күйлерін орындау бөлімі бойынша ІІ орын Жонусов Нұрсұлтан Подстепный ЖОББМ оқушысы, ІІІ орынмен Сагиндыков Алишер Восход ЖОББМ оқушысы марапатталды.

"Тартынбай сөйлер асылмын" бағамы бойынша І орын

Жас Ұлан Х.Есенжанов Жоббм

оқушысы Амиров Алишер, ІІ орын Нұржан Сырым және Аңқаты ЖОББМ оқушысы Бахитов Думан, ІІІ орынды Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ оқушысы Нәсіпқали Ерлан, Шаған ЖОББМ оқушысы Қарасаева Шолпан, Қоғалытүбек НМ оқушысы Хайруллина Әсемгүл өзара тең бөлісті.

Байқаудан жүлделі 1 орын иегерлері облыстық Махамбет оқуларына қатысады. Барлық жеңімпаз оқушылар мен мұғалімдерін құттықтаймыз.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.