31 Нау 2021
Жаңалықтар

«Ақберен» өнерлілер байқауы

Аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 30 наурыз күні 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсету мақсатында VIII аудандық «Ақберен» өнер байқауы қашықтан оздырылды. Байқау 6 номинация бойынша өтті. Олар:

Шешендік, білгірлік сайысы

Көркемсөз оқу;

Эссе жазу;

Ұлттық аспапта өнер көрсету;

Ақындар айтысы;

Ақындар мүшәйрасы. Қатысушылар бойындағы бар өнерлерін салып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

Шешендік, білгірлік сайысынан ІІІ орын Алмашева Дильназ (Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ).

Көркемсөз оқу сайысы бойынша ІІІ орын Нұржан Әли (Чапаев ЖОББМ), ІІ орын Серік Асель (Подстепный ЖОББМ), І орын Жексенғали Нұрдәулет (Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ).

Ұлттық аспапта өнер көрсету сайысынан ІІ орын Жексен Әлішер (Подстепный ЖОББМ), І орын Ибрагим Дана (Федоровка ЖОББМ).

Ақындар мүшәйрасы бойынша І орын Мергенов Ерасыл (Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ) бұйырды.

Аудандық кезеңнен жүлделі орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

 

 

Теректі білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.