31 Нау 2021
Жаңалықтар

«Өмірге ИӘ деп айт!» науқаны

Теректі ауданының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 15 ақпаны мен 15 наурызы аралығында ауданның 28 мектебінде "Өмірге Ия деп айт!" атты аудандық ақпараттық науқаны өтті. Бұл науқан жыл сайын аудан мектептерінде өткізіледі. Білім бөлімінің әдістемелік кабинеті осы акция аясында іс-шараларды өткізудің жоспары мен тұжырымдамасын әзірледі.

Осы жоспарға сәйкес мектептерде әр түрлі топтарға арналған «Ата-аналар үшін жадынама», «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!», «Балалық шақ қорғалуда» тақырыптарында жаднамалар таратылды. «Қауіпсіз интернет» тақырыбында фотоконкурс, «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында шығарма жазу байқаулары ұйымдастырылды.

5-9 сынып оқушылары арасында олардың өмір, Отан, сынып ұйымшылдығы сияқты құндылықтарын арттыру мақсатында «Әр бала қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», «Біз өмірді таңдаймыз» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Ата-аналарға қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы «Интернетте бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» атты баяндама оқылды. Қазіргі таңдағы интернет қауіптілігі мен ұялы телефонды қолдану мәдениеті жайында ақпарат беріліп, жаднама жүргізілді.

1 наурыз күні мектепте «Алғыс айту жәшігі» ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің мұғалімдеріне, достарына алғыс жаудырды.

Сынып жетекшілері заңгерлерді және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды шақыра отырып, балаларды денсаулыққа зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізді. Олар балалардың құқықтары туралы ақпарат беріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушылар өздерінің құқықтары туралы біліп, кеңінен мағлұматтар алды.

Мектеп психологтары педагогтармен және ата-аналармен "Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керек" тақырыбында семинарлар өткізді.

Мектептердің фойесі мен рекреацияларында "Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады", "Біз өмірді таңдаймыз!", "Ата-аналарға арналған жадынама", "Балаларды бірге сақтайық", "Сенім телефоны. Қалай көмек сұрауға болады?", "Куда обратиться?", "Қоңырау шалыңыз! Сізге көмектеседі!", "Балалық шақ қорғауда" және т.б. шаралар кеңінен өткізілді. Акцияның өтілу барысы мен шараның жоспары мектептің сайтында әлеуметтік желілерге жарияланып отырды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.