16 Нау 2021
Жаңалықтар

1 сыныпқа қабылдау 2021 ж.

1 сыныпқа қабылдау 2021 ж. 

Теректі ауданының білім беру бөлімі 2018 жылғы 12 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрінің № 564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден 1 тамызға дейін білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау басталатынын хабарлайды.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

  • баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысаныбойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 063/у нысаныбойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана.

 

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдау қажет, ал шалғайда орналасқан елді мекендерде құжаттарды қағаз жеткізгіште тапсыруға мүмкіндігі бар.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.