04 Нау 2021
Жаңалықтар

"Ардагерлерді ардақтайық" айдары

 Ұстаздық - ұлы қызмет

Қазақ халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп адамға қарап, ұстазын таныған. Соның бірегейі Қарағойшин Ербулат Қапезұлы. Ол 1951 жылы желтоқсан айынының 20-да Орал облысы Жаңақала ауданы Теректі ауылдық кеңесіне қарасты №23 ауылында дүниеге келді.

1970 -1974 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогика институтының физика-математика факультетінің математика бөліміне оқуға түсіп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Ең алғаш еңбек жолын 1974-1975 жылдары Орал облысы Чапаев ауданы Көнекеткен ауылындағы О.Исаев атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

1975-1982 жылдары Орал облысы Чапаев ауданы Абай атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1982-1983 жылдары Орал облысы Ақжайық ауданы Х.Есенжанов атындағы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1983-1987 жылдары Орал облысы Ақжайық ауданы Х.Есенжанов атындағы орта мектептің мектеп директоры болып қызмет атқарады.

1987-1988 жылдары Орал облысы Ақжайық ауданы Х.Есенжанов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.

1988-1990 оқу жылдарында Орал облысы Чапаев ауданы Абай атындағы негізгі мектебінің мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1990-1997 оқу жылдары Орал облысы Ақжайық ауданы Абай атындағы орта мектебінің мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1997-2013 оқу жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп директоры болып жұмыс жасады.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 40 жыл болса, мектеп директоры болып 30 жыл жұмыс жасаған. Комсомол, Партия ұйымдарының хатшысы болып қызмет атқарды. 1990-1992 жылдары Ақжайық селолық округінің кеңес депутаты. 1999-2003 жылы Теректі аудандық маслихат депутаты болып сайланды. Наградалары: аудандық, облыстық мақтау грамотылары 1994 жылы ҚР Білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» 2001жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Осы мектепте оқыған шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысты. Математика пәні бойынша 1992 жылы 9-сынып оқушысы (Мұхамедияров) Энгелов Максим математика пәнінен республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Мектеп түлектер жоғарғы оқу орындарды бітіріп, әртүрлі салада еңбек етіп жүр. Ербулат Қапезұлы бұл күнде ардақты жар, екі қыз тәрбиелеп отырған әке.

2014 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Қазіргі таңда Теректі ауданы Абай ауылында тұрады.

#ардагерлердіардақтайық

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.