04 Нау 2021
Жаңалықтар

XVІІІ облыстық «Intel-junior – 2021» олимпиадасының қорытындысы

 Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2021 жылғы 25 қаңтардағы №63 бұйрығына сәйкес «Дарын» қосымша білім орталығы 2 наурыз күні XVІІІ облыстық «Intel-junior – 2021» бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадасы қашықтан Goоgle-форма платформасында өткізді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған

мектептердің 4-сынып оқушылары және үздік оқитын 3-сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада мынадай мақсаттарды көздейді:

- бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды ерте анықтау және психология-педагогикалық жетектеу;

- оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ынталандыру;

- энциклопедиялық білімді насихаттау және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту;

- оқушылар арасында зияткерлік ойындарды, сайыстарды, жарыстарды, олимпиадаларды кеңінен тарату.

Олимпиада төрт бағыттан тұрды.

- Бірінші тур. Нақты ғылымдар.

- Екінші тур. Гуманитарлық ғылымдар.

- Үшінші тур. Жаратылыстану ғылымдар.

- Төртінші тур. Эрудиттер турнирі.

«Нақты ғылымдар» туры бойынша ІІ дәрежелі дипломға Шаған ЖОББМ 4 сынып оқушысы Шнайдер Дмитрий ие болды.

«Гуманитарлық ғылымдар» туры бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Подстепный ЖОББМ 4 сынып оқушысы Төлеген Исламбек марапатталды.

«Жаратылыстану ғылымдар» туры бойынша ІІІ дәрежелі дипломды Подстепный ЖОББМ 4 сынып оқушысы Тельманов Даулет иеленді.

«Эрудит турнирі» бойынша Подстепный №1 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Нысанбай Айгерім облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Өздеріңіз білім алып жатқан білім ордасының намысын қорғап, биік жетістіктерге жетіп мақтаныштары бола беріңіздер. Оқушылардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс білдіреміз!

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.