«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңі (сырттай) 2022 жылдың 30 қыркүйегінде өтетіндігін хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 9 тамыздағы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы №355 бұйрығына сәйкес оздырылады.
Аудандық білім беру бөлімі тарапынан құрылған комиссия конкурстың жеңімпаздарын анықтап, жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген ереженің 1-тарауында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды және өтінімді (электронды тасымалдағышта) ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіне дейін БҚО, Теректі ауданы, аудандық білім беру бөлімі, Тәуелсіздік көшесі, 135 мекен-жайы бойынша қабылдайды.