Бүгін Теректі аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Жаңа өмір ауылындағы Шаған ЖОББ мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Speaking skills in practice" тақырыбында семинар-практикум өтті.

Шет тілін үйренуде сөйлеу практикасы өте маңызды екендігі баршамызға аян. Осы орайда, Шаған ЖОББ мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында АӘК меңгерушісі Ж. Аманғалиева алғашқы сөз сөйлеп семинар шымылдығын ашып, ары қарай семинар практикалық сабақ пен тренингтермен жалғасты. Мектеп мұғалімдері Г. Губашева, Г. Сисенбаева, Д. Куптлеуова тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру үшін сыныптағы әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.