Теректі аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сəйкес "Психолог Online"жобасы аясында 9-11сынып оқушыларына Восход негізгі орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Ахмедиярова Гүлжан Джантемирқызы "Бəрімізде бір мақсат" тақырыбында онлайн кеңес беріп, тренинг жаттығуларын өткізді. Тренинг оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру жəне жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру мақсатымен өткізілді. Тренинг барысында "Амандасу", "Менің болашақтағы арманым", " Автопортрет салу", "Сілкіп таста" жаттығуларын аудан бойынша барлық 9-11сынып оқушылары Zoom платформасы арқылы бірлесіп орындап шықты. Тренинг жақсы көңіл күй сыйлады.

Теректі аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі