Балалар жылына орай Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 18 мамыр күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханашыларының отбасы оқырмандарына арналған облыстық "Бір отбасы-бір кітап" байқауы оздырылды. Оған Теректі ауданынан Федоровка ЖОББМ мектебі атынан Бауыржановтар отбасы қатысып, 16 отбасы ішінен "Білімпаз оқырман отбасы" номинациясына ие болды. Қатысушы отбасыны құттықтаймыз!!!

#балаларжылы

#оқуғақұштармектеп

Теректі аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі